9 сағат бұрын
Ұлттар лигасы: Словакия - Қазақстан кездесуінде кімдер төрелік етеді?
Фото: ҚФФ
Футюолдан UEFA Ұлттар лигасы екінші турындағы Словакия - Қазақстан құрамалары кездесуінде қай елдің төрешілері қызмет атқаратыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандастарымыз бұл турнирде С лигасы үшінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Молдова, Фарер аралдары және Словакия.
Бұл кездесу 29 қыркүйекте Қазақстан уақытымен 23:45-те Словакияда өтеді.
UEFA тарапынан ойынға хорватиялық Патрик Коларич бас төреші ретінде бекітілген. Оған отандастары Лука Паич пен Иван Старчевич көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Иван Вуканчич. Ал VAR төрешісі міндеті тағы бір хорватиялық Марио Зебецке жүктелсе, VAR ассистенті ретінде Иван Матич қызмет атқарады.
Алғашқы турда Қазақстан сырт алаңда Фарер аралдарымен 1:1 есебіне қанағат білдірсе, Словакия өз алаңында 2:0 есебімен жеңді.
Қазақстандық футболшылар 2024/25 жылғы маусымда В лигасында үшінші топта алты кездесудің бесеуінде жеңіліп, біреуінде тең ойнады. Салдарынан өз тобында төртінші орынды місе тұтып, қайтадан С лигасына түсіп қалды.
Біздің серіктес: Sport12kz