6 сағат бұрын
Қазақстандық екі футболшы ұлттық құрама сапында тұсаукесер ойынын өткізді
Фото: ҚФФ
2026 жылғы UEFA Ұлттар лигасының бірінші турында қазақстандық екі футболшы Исмаил Бекболат пен Станислав Басманов ұлттық құрама сапындағы тұсаукесер ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл елеулі оқиға ұлттық құраманың кеше, 26 қыркүйекте сырт алаңда өткен Фарер аралдарымен кездесуінде тіркелді. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.
Алматылық «Қайрат» командасының ойыншысы Исмаил Бекболат 81-минутта шабуылшы Артур Шушеначевті алмастырса, 62-минутта Станислав Басманов Ғалымжан Кенжебектің орнына шықты.
Исмаил Бекболат 2008 жылдың 10 қаңтарында Алматы қаласында дүниеге келген. Ол 2024 жылдан бері «Қайрат» клубында ойнап келеді.
Ал Станислав Басманов 2001 жылы 24 маусымда дүниеге келген. 2017 жылдан бері елордалық клубтың намысын қорғайды.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы UEFA Ұлттар лигасы алдағы уақытта бес ойын өткізеді. Алдымен 29 қыркүйекте сырт алаңда Словакиямен кездессе, одан кейін 2 және 6 қазанда өз алаңында Қазақстан мен Фарер аралдарын қабылдайды.
Ал 13 қазанда сырт алаңда Молдовамен шеберлік байқасса, одан кейін елордада 16 қазанда Словакиямен кездеседі.
Еске салсақ, футболдан UEFA Ұлттар лигасы екінші турындағы Словакия - Қазақстан құрамалары кездесуінде қай елдің төрешілері қызмет атқаратыны белгілі болды.
Біздің серіктес: Sport12kz