6 сағат бұрын
«Қайсардың» бұрынғы бапкері Әзербайжанда біліктілігін арттырады
Фото: «Қайсар» футбол клубы
Қазақстандық бапкер Андрей Ферапонтов Әзербайжанда біліктілігін арттыратын болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.
- Менің ақпаратым бойынша, 50 жастағы маман жақын арада Әзербайжанға аттанады. Онда сол елдің қазіргі чемпионы «Сабах» командасында тәжірибесін толықтырады. Бұл маусымда бакулық клуб өз тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінде сынға түсіп жатыр, - деп жазды ол.
Андрей Ферапонтов Премьер-лигада «Мақтаарал» футбол клубында бастап, «Оқжетпес» командасында жалғастырды. Сондай-ақ "Ақтөбе", "Ордабасы", "Қайрат", беларустік "Рух" командаларының бапкерлік штабында абыройлы қызмет атқарған.
Андрей Ферапонтов тамыз айында Қызылорданың «Қайсар» командасы бас бапкері қызметінен кетті.
Біздің серіктес: Sport12kz