6 сағат бұрын
Максим Самородов Қазақстан құрамасына қайта оралатын болды
Фото: ҚФФ
Шабуылшы Максим Самородов ертең, 6 қазанда Қазақстан құрамасы сапында Ұлттар лигасындағы Фарер аралдарымен кездесуге қатыса алады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Максим Самородов Фарер аралдары және Словакия құрамаларына қарсы ойындарда ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен жоқ.Самородов 2024 жылдан бері «Ахмат» сапында өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда ол барлық турнирде 34 матч өткізіп, 5 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.
Қазақстан құрамасының сапында 33 ойын өткізген футболшы 5 гол және 3 нәтижелі пас авторы атанды.
Самородовтың «Ахматпен» келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды.
Ал Қазақстанда өтетін Молдова және Фарер аралдарына қарсы ойындарға футболшының қатысу-қатыспауы әзірге белгісіз еді. Самородов қазіргі таңда құраманың медициналық штабының бақылауында ем қабылдады.
Еске салсақ, Қазақстан U-17 құрамасы жолдастық кездесуде Ресейне есе жіберді.
Біздің серіктес: Sport12kz