5 сағат бұрын
«Оқжетпес» футбол клубы жергілікті футзал командасына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: «Оқжетпес» футбол клубы
«Оқжетпес» футбол клубы «Оқжетпес» атауын пайдаланатын футзал командаларының «Оқжетпес» ФК құрылымына кірмейтінін және клубпен ұйымдық, әкімшілік немесе заңды байланысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.
- Осыған байланысты аталған футзал командаларының қызметі туралы ақпаратты дайындау және жариялау кезінде осы жайтты ескеруді және олардың қызметін «Оқжетпес» футбол клубының қызметімен байланыстырмауды сұраймыз. Сонымен қатар, «Оқжетпес» футбол клубы Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының спорттық намысын қорғап жүрген әріптестерімізге спорттық жетістіктер тілейді. Түсіністік танытып, спорт ұйымдарының қызметін дұрыс әрі нақты ақпараттандыруға жауапкершілікпен қарағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз, - деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, шабуылшы Максим Самородов ертең, 6 қазанда Қазақстан құрамасы сапында Ұлттар лигасындағы Фарер аралдарымен кездесуге қатыса алады.
Біздің серіктес: Sport12kz