5 сағат бұрын
Ұлттар лигасы: Қазақстан -Фарер аралдары кездесуін қанша жанкүйер тамашалады?
Фото: ҚФФ
Бүгін футболдан UEFA Ұлттар лигасы төртінші турындағы Қазақстан -Фарер аралдары кездесуіне қанша жанкүйердің келгені белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл ойынды «Астана Арена» стадионынан 10 315 адам тамашалай алды.
Кездесу барысында ел құрамасынан Сергей Малый (68-минут) и Ұұралы Әліпп (76-минут) гол соқса, фарерлік құрамадань Петур Кнудсен (22-минут) және Геза Давид Тури (63-минут) мергендік танытты.
Төртінші турдан кейін Қазақстан төрт ұпаймен төртінші орында тұрса, фарерлік футболшылар төрт ұпаймен екінші орында келеді.
Енді отандастарымыз алдағы ойынын 16 қарашада сырт алаңда Молдоваға қарсы өткізсе, Фарер аралдары Словакиямен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, Flashscore.com сайты футболдан Ұлттар лигасы төртінші турындағы Қазақстан - Фарер аралдары кездесуінде (2:2) үздік және нашар ойын көрсеткен футболшыларды жариялады.
Біздің серіктес: Sport12kz