Матч орталығы
Чемпиондар лигасы Баскетбол Славия Прага Славия Прага 86:110 Аяқталды Альба Альба КХЛ Хоккей Сочи Сочи 2:5 Аяқталды Спартак Спартак ФИБА Еуропа кубогы Баскетбол Вилки Морские Вилки Морские 88:81 Аяқталды Нитра Блю Уингз Нитра Блю Уингз Чемпиондар лигасы Хоккей Адлер Адлер 5:4 Пенальтиден соң Тыхы Тыхы Ұлттық лига Хоккей Лозанна Лозанна 2:5 Аяқталды Лугано Лугано Чемпиондар лигасы Хоккей Боксерс Бордо Боксерс Бордо 2:5 Аяқталды Динамо Пардубице Динамо Пардубице Уругвай кубогы Футбол Серрито Серрито 2:2 Пенальтиден соң Монтевидео Уондерерз Монтевидео Уондерерз Чемпиондар лигасы Баскетбол УКАМ Мурсия УКАМ Мурсия 85:58 Аяқталды Варезе Варезе Еуролига Баскетбол Париж Париж 96:98 Аяқталды Асвел Асвел НХЛ Хоккей Вашингтон Вашингтон 04:30 Бүгін Питтсбург Питтсбург НХЛ Хоккей Анахайм Анахайм 07:00 Бүгін Эдмонтон Эдмонтон Бірінші дивизион Футбол Аль-Ахдуд Аль-Ахдуд 20:00 Бүгін Аль-Ула Аль-Ула КХЛ Хоккей Динамо Минск Динамо Минск 21:10 Бүгін СКА СКА КХЛ Хоккей СКА СКА 21:10 Бүгін Динамо Минск Динамо Минск Премьер дивизион Футбол Шемрок Шемрок 00:00 Ертең Дроэда Дроэда Лига 1 Футбол Оран Оран 00:00 Ертең Сетиф Сетиф Бразилия кубогы U20 Футбол Фламенго U20 Фламенго U20 00:30 Ертең Васко Да Гама U20 Васко Да Гама U20 Бразилия кубогы U20 Футбол Сан Паулу U20 Сан Паулу U20 01:30 Ертең Атлетико Паранаэнсе U20 Атлетико Паранаэнсе U20 Ла Лига Футбол Леванте Леванте 23:00 21.10 Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао Конференциялар лигасы Футбол Аталанта Аталанта 22:45 05.11 Қайрат Қайрат

4 сағат бұрын

Жапониялық Хифуми және Ута Абэ тағы бір рекордты жаңартуға жақындады

Жапониялық Хифуми және Ута Абэ тағы бір рекордты жаңартуға жақындады

Фото: olympics.com

Жапониялық ағайынды дзюдошылар Хифуми және Ута Абэ Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіске жетіп, рекордтық көрсеткішке жақындады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Дүбірлі додада Хифуми Абэ (66 келі) финалда испаниялық Давид Гарсия Торнені иппон әдісімен қапы қалдырса, Ута Абэ (52 келі) тағы бір испаниялық балуан Ариану Торо Солердің осал тұсын тапты.

Осылайша ағалы-қарындасты спортшылар өз мансабында бесінші және алтыншы мәрте әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Нәтижесінде олар әлем чемпионатында бес және одан көп мәрте алтын медаль алғандар қатарында тағы бір сатыға жоғарылады.

Хифуми Абэ 1997 жылы 9 тамызда дүниеге келген. Қазірге дейін ол 2017, 2018, 2022, 2023, 2026 жылдары бес мәрте жеңіс тұғырынан көрініп отыр.

Ал 2000 жылдың 14 шілдесінде дүниеге келген Ута алтыншы мәрте чемпиондық атаққа қол жеткізді. Даңқты спортшы мұндай биіктікті 2018, 2019, 2022, 2023, 2025, 2026 жылдары бағындыруға мүмкіндік алды.

Айта кетсек, дзюдодан әлем чемпионатында бес және одан көп мәрте жеңіс тұғырынан көрінген алты балуан бар.

Рекордқа жеткен спортшылар

Реко Тани (Тамура), Жапония — 7 алтын (1991-2007)

Тун Вэнь, Қытай — 7 алтын (2001-2011)

Ингрид Бергманс, Бельгия — 6 алтын (1980-1989)

Кларисс Агбеньену, Франция — 6 алтын (2013-2024).

Енді олардың қатарына Хифуми мен Ута Абэ қосылды.

Айта кетсек, дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан атынан 15 балуан барды. Әзірге олардың арасынан Шерзод Давлатов (60 келі) күміс жүлдегер атанды.


Біздің серіктес: Sport12kz