5 сағат бұрын
Жанкүйерлер ҚПЛ-дың 28-турын қай уақытта тамашалай алады?
Фото: «Ордабасы» футбол клубы
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы 28-туры қай уақытта басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл турдағы ойындар 10 және 11 қазан күндеріне белгіленген. Алдымен 10 қазанда бес кездесу өткізілсе, 11 қазанға тағы үш матч белгіленген.
Ойындар кестесі
10 қазан
15:00. «Ертіс» (Павлодар) - «Қызылжар» (Петропавл)
16:00. «Тобыл» (Қостанай) - «Астана»
16:00. «Елімай» (Семей)- «Ақтөбе»
17:00. «Қайрат» (Алматы) - «Жетісу» (Талдықорған)
19:00. «Жеңіс» (Астана) - «Атырау».
11 қазан
15:00. «Ұлытау» (Жезқазған) - «Оқжетпес» (Көкшетау)
16:00. «Каспий» (Ақтау) - «Алтай» (Өскемен)
19:00. «Қайсар» (Қызылорда) - «Ордабасы» (Шымкент).
Соңғы турдан кейін турнир кестесінде 61 ұпаймен «Ордабасы» командасы келеді.
Айта кетсек, «Ордабасы» шабуылшысы Бьорн Йонсен биыл үшінші мәрте айдың үздік ойыншысы атанды.
Біздің серіктес: Sport12kz