09.10.2026
«Тобыл» қызметкері ҚФФ-ға түсініктеме беруге шақырылды
Қостанайлық «Тобыл» клубының қазіргі қызметкерлерінің бірі Қазақстан футбол федерациясының кеңсесіне шақырылып, сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚФФ мәліметінше, клуб қызметкерімен ұйымның қауіпсіздік және адалдық қызметі әңгімелескен. Тексеру аясында оның матчтарға дейін және ойындардан кейін ресми тұлғалармен байланысы қарастырылған.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында төрешілердің бірі 10 миллион теңгеге дейін сыйақы алуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған еді. Алайда аталған төреші Қазақстан Премьер-лигасының осы маусымында жұмысын жалғастырып жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, ҚФФ маусым соңында тексеру нәтижесіне қатысты шешім шығарып, іске қатысы бар тұлғаларды футбол қызметінен шеттетуі мүмкін.
Біздің серіктес: Sport12kz