10.10.2026
Бауыржан Исламхан Қазақстан құрамасында қанша ойын өткізді?
Фото: ҚФФ
«Астана» командасының 33 жастағы жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Фарер аралдарына қарсы кездесуде (2:2) 59 ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ұлттық құрама капитаны нәтижесінде бұл жөнінен үздік жетілікке кірді.
Жамбыл футболының түлегі 2012 жылы 29 ақпанда Түркияның Анталия қаласында Латвияға қарсы жолдастық кездесуде (0:0) алғаш рет ұлттық құрама сапында жасыл алаңға шыққан еді.
Жартылай қорғаушы ұлттық құрама сапында көп ойнаған футболшылар қатарында Нұрбол Жұмасқалиев пен Юрия Логвиненконы артта қалдырып кетті. Қазірге дейін ол Қазақстан құрамасына сапында төрт мәрте қақпаны дәл көздеді.
Біздің серіктес: Sport12kz