10.10.2026
Юлия Путинцева Қытайдағы турнирле шешуші айналымға шықты
Фото: sportmail.ru
Қытайдың Ухань қаласындағы WTA 1000 санатындағы турнирдің іріктеу кезеңін жеңіспен бастаған Юлия Путинцева шешуші айналымға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әлемнің 82-ракеткасы, қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Ухань (Қытай) WTA 1000 турнирінің сәтті бастады. Алғашқы айналымда Путинцева Румыния өкілі Елена Габриэла Русені бірінші сетте 7:5 есебімен жеңді. Ал екінші партияда Русе есеп 2:1 болғанда матчты жалғастырудан бас тартты.
Енді Юлия Путинцева турнирдің негізгі кезеңіне шығу үшін шешуші матч өткізеді.
Біздің серіктес: Sport12kz