Матч орталығы
Конференциялар лигасы Футбол Рига Рига 1:1 Аяқталды Қайрат Қайрат Конференциялар лигасы Футбол Эгнатия Эгнатия 1:1 Аяқталды Мидтьюлланд Мидтьюлланд Конференциялар лигасы Футбол Гент Гент 1:0 Аяқталды Орхус Орхус Конференциялар лигасы Футбол Хайдук Хайдук 2:1 Аяқталды Аякс Аякс Конференциялар лигасы Футбол КуПС КуПС 2:4 Аяқталды Трабзонспор Трабзонспор Конференциялар лигасы Футбол ЦСКА София ЦСКА София 1:2 Аяқталды Монако Монако Конференциялар лигасы Футбол Крайова Крайова 1:1 Аяқталды Хетафе Хетафе Конференциялар лигасы Футбол Лугано Лугано 3:2 Аяқталды Црвена Звезда Црвена Звезда Конференциялар лигасы Футбол Мьельбю Мьельбю 2:0 Аяқталды Интер Эскальдес Интер Эскальдес Конференциялар лигасы Футбол Панатинаикос Панатинаикос 2:1 Аяқталды Борац Борац Еуропа лигасы Футбол Лех Лех 0:4 Аяқталды Байер Байер Еуропа лигасы Футбол Юнион Юнион 1:1 Аяқталды Реал Сосьедад Реал Сосьедад Еуропа лигасы Футбол Торренсе Торренсе 1:2 Аяқталды Сандерленд Сандерленд Еуропа лигасы Футбол Спарта Спарта 1:1 Аяқталды Лиллестрем Лиллестрем Еуропа лигасы Футбол Лион Лион 3:2 Аяқталды Кристал Пэлас Кристал Пэлас Еуропа лигасы Футбол АЗ АЗ 2:1 Аяқталды Хапоэль Хапоэль Еуропа лигасы Футбол Целе Целе 0:3 Аяқталды Омония Омония Еуропа лигасы Футбол Зальцбург Зальцбург 0:4 Аяқталды Милан Милан ДЕЛ Хоккей Вольфсбург Вольфсбург 2:1 Пенальтиден соң Крефельд Пингуин Крефельд Пингуин Еуролига Баскетбол Фенербахче Фенербахче 74:65 Аяқталды Партизан Партизан

9 сағат бұрын

Конференция лигасы: «Қайраттың» қарсыласы – «Рига» туралы не білеміз?

Конференция лигасы: «Қайраттың» қарсыласы – «Рига» туралы не білеміз?

Фото: «Рига» футбол клубы

Sport12.kz тілшісі қазақстандық «Қайрат» (Алматы) командасының UEFA Конференция лигасы бірінші турындағы қарсыласы - Латвияның «Рига» клубы жайында жан-жақты тоқталады.

Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 21:35-те Латвия астанасы Рига қаласындағы «Сконто» стадионында басталады.

Ойын барысында бас төреші міндеті албаниялық Флориан Лятаға жүктелсе, оған Эринд Бургу мен Илир Тартарай көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі – Анди Кочи. Ал VAR төрешісі Крешник Барьямай болса, AVAR төрешісі міндетін Ольсион Изейрай атқарады.

«Рига» – Латвияның бай клубтарының бірі. Ел астанасы – Рига қаласының атынан сынға түседі. 2015 жылы құрылған команда сол уақыттан бері төрт мәрте ел чемпионы атағын жеңіп алса, екі мәрте ұлттық кубокты төбесіне көтеріді. Соған қарамастан қазірге дейін еурокубок ойындарында негізгі кезеңге шыға алған жоқ.

Биылғы маусым олар үшін еурокубоктағы дебюттік кезең саналады. Команда еурододағы жорығын Чемпиондар лигасында бастаған еді. Алғашқы іріктеу кезеңінде олар еревандық «Арарат-Армения» клубына жол берді. Одан кейін латвиялық клуб Конференция лигасында «Вардар» (Македония), «Дьёр» (Венгрия), «КИ Клаксвик» (Фарер аралдары) клубтарын қапы қалдырды. Нәтижесінде өз тарихында алғаш рет еуропалық турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды.

Бұған дейін «Рига» бірде-бір мәрте еурокубок ойындарында қазақстандық клубтармен жолыққан емес. Дегенмен қазірге дейін екі елдің командалары бірнеше мәрте жолыққан еді. Алдымен 2006 жылы «Ақтөбе» Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде «Металлург» (Лиепай) клубынан жеңілсе, 2017 жылы аталған турнирде «Спартак» (Юрмала) клубын қапы қалдырды. «Қайрат» қазірге дейін еурокубокта латвиялық клубтармен кездесіп көрген емес. Алдағы ойында екі команда алғашқы мәрте шеберлік байқасады.


Биылғы маусым жөнінде тоқтала кетсек, Латвия чемпионаты біз секілді «көктем-күз» жүйесі бойынша өткізіледі. Қазір бұл мемлекетте де доп додасы аяқталуға жақын. Маусымның бітуіне төрт тур қалғанда «Рига» 76 ұпаймен екінші орында келеді. Көш басында 77 ұпаймен РФШ командасы тұр. 8 қарашада екі команда өзара кездеседі. Сол ойында алтын медаль тағдыры шешіледі. Сондай-ақ команда 20 қарашада Латвия кубогында «Аудаға» қарсы ойын өткізеді.

Команданың бас бапкері міндеті өткен жылдың қаңтар айынан бері словакиялық 51-жастағы маман Адриан Гульге жүктелген. Ол өз мансабында Чехияның «Виктория Пльзень», Польшаның «Висла Краков» және Словакияның «Жилина» командасында және Словакияның жастар құрамасында қызмет атқарды. 2016-2017 жылғы маусымда ол «Жилина» командасының чемпион атануына үлес қосты. Өткен жылы «Рига» командасымен бірге Латвияда дәл осындай жеңіс тұғырынан көрінді. Қысқаша айтқанда, латвиялық команда тізгінін тәжірибелі маман ұстап отыр деуге толық негіз бар.

Transfermarkt дерегі бойынша «Рига» командасы ойыншыларының құны 15,48 млн еуроға бағаланады. Ал «Қайраттың» бағасы 9,2 млн еуроны құрайды.

Латвиялық команда сапында ең қымбат футболшы – бразилиялық шабуылшы Режиналдо Рамирес. Оның құны – 900 мың еуро. Биылғы жылы шабуылшы қарсылас қақпасына 9 гол соғып, 6 мәрте нәтижелі пас берді. Одан кейінгі орында гамбиялық Мохамед Бадамоси тұр, оның бағасы – 800 мың еуро. Бұл жөнінен үздік үштікті бразилиялық оң қанаттағы вингер Кайо Феррейра түйіндейді, оның құны – 800 мың еуро.

«Рига» құрамында бразилиялық ойыншылардың саны басым. Сондай-ақ команда сапында Коста-Рика, Колумбия, Гана, Нигерия, Гамбия, Тунис және өзге елдердің футболшылары бар.

Команда құрамында ойын көрсетіп жүрген нидерландтық шабуылдаушы жартылай қорғаушы Салах Улад ерекше назар аударуға тұрарлық. Ол бала кезінде «Фейеноорд» академиясының есігін ашып, одан кейін Англияның «Арсенал» (Лондон) клубында шеберлігін жетілдірді. Ағылшын Премьер-лигасында жастар арасында жақсы нәтиже көрсетті. Ол 35 кездесуде 11 мәрте көзге түсіп, 11 рет нәтижелі пас шығарып берді. Одан кейін мансабын «Рига» сапында жалғастырды. Биыл нидерландтық футболшы 32 кездесуде қарсыластар қақпашысын 9 мәрте қапы қалдырып, 11 мәрте нәтижелі пас шығарып берді. Сондай-ақ ол команда құрамында ойын көрсету уақыты жөнінен көшбасшылардың біріне айналды. Қазірге дейін Салах Улад чемпионатта 2 193 минут жасыл алаң төрінен көрінді. Сол ойындарда футболшы команданың жетістігіне үлкен үлес қосып келеді. Тұрақты түрде гол соғып, нәтижелі пас шығарып беруден алдыңғы орында тұр.

«Рига» командасының құрамы


Қақпашылар: №12. Кенан Пирич (Босния және Герцеговина), №91. Марцис Казайнис (Латвия), №26. Френкс Оролс (Латвия);

Қорғаушылар: №13. Карл Вассом (Камерун), №6. Райвис Юрковскис (Латвия), №17. Андрес Саласар (Аргентина), №21. Баба Муса (Гана), №23. Максим Тонишев (Латвия), №33. Пауло Эдуардо (Бразилия), №34. Антоний Черномордый (Латвия);

Жартылай қорғаушылар: №4. Орландо Гало (Коста-Рика), №6. Коли Сако (Франция), №7. Раки Ауани (Тунис),№8. Яго Сикейра (Бразилия), №11. Кайо Феррейра (Бразилия), №15. Самуэл Педру (Португалия), №18. Салах Улад (Нидерланд), №22. Мейсса Диоп (Сенегал), №40. Ахмед Анкра (Гана):

Шабуылшылар: №10. Режиналдо Рамирес (Бразилия),№19. Мухаммед Бадамоси (Гамбия), №25. Абдулрахман Тайво (Нигерия).

«Рига» футбол клубы 2015 жылы құрылған. Қазірге дейін Латвияның 2018, 2019, 2020, 2025 жылдардағы чемпионы атанды. Сондай-ақ үш мәрте күміс, бір мәрте қола жүлдеге ие болды. Оған қоса 2018, 2023 жылдары Латвия кубогына қол жеткізді.

Негізінде «Рига» командасын оңай қарсылас деп айтуға ешқандай негіз жоқ. Өйткені, латвиялық клуб сапында қымбат ойыншылар саны басым. Олардың әрбірі жақсы нәтижесімен көзге түсіп келеді. Команданың бас бапкерін тәжірибелі маман атқарады. Оған қоса «Рига» еурокубокта алғаш рет негізгі кезеңде сынға түсуге мүмкіндік алды. Сондықтан олар жанкүйерлерді қуантуға бар күшін салатыны анық.

Еске салсақ, «Қайрат» Еуропаның 36 клубы арасында үздік төрттікке енді.







Біздің серіктес: Sport12kz