Матч орталығы
Конференциялар лигасы Футбол Рига Рига 1:1 Аяқталды Қайрат Қайрат Конференциялар лигасы Футбол Эгнатия Эгнатия 1:1 Аяқталды Мидтьюлланд Мидтьюлланд Конференциялар лигасы Футбол Гент Гент 1:0 Аяқталды Орхус Орхус Конференциялар лигасы Футбол Хайдук Хайдук 2:1 Аяқталды Аякс Аякс Конференциялар лигасы Футбол КуПС КуПС 2:4 Аяқталды Трабзонспор Трабзонспор Конференциялар лигасы Футбол ЦСКА София ЦСКА София 1:2 Аяқталды Монако Монако Конференциялар лигасы Футбол Крайова Крайова 1:1 Аяқталды Хетафе Хетафе Конференциялар лигасы Футбол Лугано Лугано 3:2 Аяқталды Црвена Звезда Црвена Звезда Конференциялар лигасы Футбол Мьельбю Мьельбю 2:0 Аяқталды Интер Эскальдес Интер Эскальдес Конференциялар лигасы Футбол Панатинаикос Панатинаикос 2:1 Аяқталды Борац Борац Еуропа лигасы Футбол Лех Лех 0:4 Аяқталды Байер Байер Еуропа лигасы Футбол Юнион Юнион 1:1 Аяқталды Реал Сосьедад Реал Сосьедад Еуропа лигасы Футбол Торренсе Торренсе 1:2 Аяқталды Сандерленд Сандерленд Еуропа лигасы Футбол Спарта Спарта 1:1 Аяқталды Лиллестрем Лиллестрем Еуропа лигасы Футбол Лион Лион 3:2 Аяқталды Кристал Пэлас Кристал Пэлас Еуропа лигасы Футбол АЗ АЗ 2:1 Аяқталды Хапоэль Хапоэль Еуропа лигасы Футбол Целе Целе 0:3 Аяқталды Омония Омония Еуропа лигасы Футбол Зальцбург Зальцбург 0:4 Аяқталды Милан Милан ДЕЛ Хоккей Вольфсбург Вольфсбург 2:1 Пенальтиден соң Крефельд Пингуин Крефельд Пингуин Еуролига Баскетбол Фенербахче Фенербахче 74:65 Аяқталды Партизан Партизан

7 сағат бұрын

2029 жылғы Азия ойындарына дайындық мәселесі талқыланды

2029 жылғы Азия ойындарына дайындық мәселесі талқыланды

Фото: Қазақстан ҰОК

Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті (ҰОК) мен Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) басшылығының кездесуі өтті. Кездесуде 2029 жылы Алматыда өтетін X қысқы Азия ойындарына дайындық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесуге ҰОК президенті Геннадий Головкин, АОК-нің 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына жауапты вице-президенті Кудрәт Шамиев және Қазақстан ҰОК-нің бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысты. Ал АОК делегациясының құрамында ұйымның бас директоры Хусейн Әл-Мусаллам мен Спорт департаменті басшысының орынбасары Хенрик Ожвар болды.

Тараптар алдағы ойындарға дайындықтың негізгі бағыттарын қарастырды. Атап айтқанда, спорттық бағдарлама, жарыстардың мерзімі, технология жағынан қамтамасыз ету, телетрансляция және маркетинг саласындағы ынтымақтастық мәселелері сөз болды.

Сондай-ақ үйлестіру жұмыстарына баса назар аударылды. Бұл ретте Кудрәт Шамиевтің Азия Олимпиадалық кеңесі, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті және ойындарды Ұйымдастыру комитеті арасындағы өзара жұмысты үйлестірудегі рөлі атап өтілді. Бұдан бөлек, АОК-нің тиісті департаменттерімен байланысты дамыту, бірлескен жұмысты үйлестіру және ұйымдастыруға қатысты негізгі мәселелерді келісу жайы талқыланды.

АОК бас директоры Хусейн Әл-Мусаллам Қазақстанның қысқы спорт түрлерінен ірі халықаралық жарыстарды өткізу тәжірибесін жоғары бағалады. Ол 2011 жылғы қысқы Азия ойындары мен 2017 жылғы қысқы Универсиаданы мысалға келтіріп, осы жарыстардан жинақталған тәжірибе 2029 жылғы ойындарды жоғары деңгейде өткізуге септігін тигізетініне сенім білдірді.

Кездесу соңында тараптар 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына сапалы дайындықты қамтамасыз ету үшін өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.

Еске салсақ, 2032 жылы Аустралияның Брисбен қаласында өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ресми эмблемалары таныстырылды.



Біздің серіктес: Sport12kz