5 сағат бұрын
Конференция лигасы: «Рига» - «Қайрат» кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды
Фото: «Рига» футбол клубы
Футболдан UEFA Конференция лигасы бірінші турындағы «Рига» (Рига, Латвия) - «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында қазақстандық команда жылдам гол соғып үлгерді. Ойынның 5-минутында латвиялық команда қақпасына белгіленген пенальтиден «Қайрат» сапынан Марку Гуаль мүлт кеткен жоқ.
Одан кейін «Рига» сапынан Салах Улад 12-минутта таразы басын теңестірсе, 28-минутта Мохамед Бадамоси пенальтиді дегеніне пайдалана алмады.
Осылайша бірінші кезеңде командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Ойын барысында бас төреші міндеті албаниялық Флориан Лятаға жүктелсе, оған Эринд Бургу мен Илир Тартарай көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі – Анди Кочи. Ал VAR төрешісі Крешник Барьямай болса, AVAR төрешісі міндетін Ольсион Изейрай атқарады.
Біздің серіктес: Sport12kz