7 сағат бұрын
ҚПЛ-2026: 23-тур матчтары қашан басталады және қайдан көруге болады?
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының кейінге қалдырылған ХХІІІ туры 17 және 18 қазан күндері өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл турда екі күнде де төрт-төрттен ойындар жоспарланған. Матчтар негізінен «Qazsport», SPORT+ телеарналары мен youtube KFF League арнасында тікелей эфирден көрсетіледі.
Премьер-Лига
23-тур
17 қазан
15:00. «Оқжетпес»(Көкшетау) - «Қызылжар» (Петропавл). youtube KFF League
16:00. «Жетісу» (Талдықорған) - «Қайсар» (Қызылорда). youtube KFF League
17:00. «Тобыл» (Қостанай) - «Жеңіс» (Астана). youtube KFF League
19:00. «Ақтөбе» - «Ордабасы» (Шымкент). «Qazsport»
18 қазан
15:00. «Алтай» (Өскемен) - «Атырау». youtube KFF League
16:00. «Елімай» (Семей) - «Ұлытау» (Жезқазған). SPORT+
18:00. «Қайрат» (Алматы) - «Ертіс» (Павлодар) SPORT+
19:00. «Астана» - «Каспий» (Ақтау) «Qazsport».
Қазіргі уақытта турнирлік кестеде 64 ұпай жинаған Шымкенттің «Ордабасы» командасы көш бастап тұр. Екінші орында 60 ұпайы бар Алматының «Қайраты» орналасса, үздік үштікті 51 ұпаймен елордалық «Астана» түйіндейді.
Ал турнирлік кестенің соңғы орындарында «Қайсар» мен Талдықорғанның «Жетісуы» тұр.
28-турда жанкүйерлерді «Ақтөбе» мен «Ордабасы», сондай-ақ «Тобыл» мен «Жеңіс» арасындағы тартысты кездесулер күтіп тұр.
Еске салсақ, футболдан Қазақстан Бірінші лигасының 25-туры аясында «Тараз» Ақтаудың «Каспий М» командасын 5:0 есебімен жеңді.
Біздің серіктес: Sport12kz