5 сағат бұрын
ҚПЛ: «Ақтөбе» - «Ордабасы» кездесуіне билет түгелдей сатылып кетті
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының кейінге қалдырылған ХХІІІ турындағы «Ақтөбе» - «Ордабасы» (Шымкент) кездесуіндегі билет түгелдей сатылып кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл кездесу ертең, 17 қазанда Қазақстан уақытымен 19:00-де Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр стадионында басталады.
Қазір турнир кестесінде «Ордабасы» 64 ұпаймен бірінші орында келе жатса, «Ақтөбе» 45 ұпаймен төртінші орында тұр.
Біздің серіктес: Sport12kz