8 сағат бұрын
ҚПЛ: «Тобыл» мен «Жеңіс» кездесуі көп гол соғумен ерекшеленді
Фото: «Жеңіс» футбол клубы
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының кейінге қалдырылған ХХІІІ турында қостанайлық «Тобыл» өз алаңында Астананың «Жеңісін» қапы қалдырды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Командалар турнир кестесінің орта тұсында келеді. Соған қарамастан кездесу барысында қарсыластар бір-бірінің қақпасына көп гол соғуымен ерекшеленді.
Ойын барысында қостанайлық клубтан Патрик Виталий Лисакович 18, Аслан Тағыберген 33, Жаслан Жұмашев 59-минутта гол соқса Сағадат Тұрсынбай 11-минутта автогол авторы атанды. Оған елордалық клубтан Патрик Кпозо 6, Андрия Филипович 38-минутта екі голмен жауап қайырды.
Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, бұдан бұрын өз алаңында көкшетаулық Петропавлдың «Оқжетпес» «Қызылжарын» 1:0, талдықорғандық «Жетісу» Қызылорданың «Қайсарын» 2:1 есебімен жеңді.
Дәл қазір «Ақтөбе» - «Ордабасы» (Шымкент) кездесуі өтіп жатыр.
Сондай-ақ 18 қазанда 15:00-де «Алтай» (Өскемен) - «Атырау», 16:00-де «Елімай» (Семей) - «Ұлытау» (Жезқазған),
18:00-де «Қайрат» (Алматы) - «Ертіс» (Павлодар), 19:00-де «Астана» - «Каспий» (Ақтау) шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: Sport12kz