Матч орталығы
Челленджер Флоренция Теннис Дмитрий Попко Дмитрий Попко 2:1 Аяқталды Даниэле Рапагнетта Даниэле Рапагнетта Премьер-Лига Футбол Қайрат Қайрат 5:0 Аяқталды Ертіс Ертіс Лига 1 Футбол Анже Анже 2:5 Аяқталды Марсель Марсель Премьер-лига Футбол Лидс Лидс 1:1 Аяқталды Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед Премьер-лига Футбол Брайтон Брайтон 5:0 Аяқталды Кристал Пэлас Кристал Пэлас Премьер-лига Футбол Борнмут Борнмут 2:0 Аяқталды Сандерленд Сандерленд А сериясы Футбол Фиорентина Фиорентина 1:3 Аяқталды Комо Комо Премьер-лига Футбол Динамо Динамо 3:1 Аяқталды ЦСКА ЦСКА Бундеслига Футбол Байер Байер 2:1 Аяқталды Фрайбург Фрайбург Премьер-лига Футбол Селтик Селтик 7:1 Аяқталды Хартс Хартс Премьер-Лига Футбол Астана Астана 2:2 Аяқталды Каспий Каспий Ла Лига Футбол Сельта Сельта 2:1 Аяқталды Алавес Алавес Эредивизи Футбол Гронинген Гронинген 2:5 Аяқталды Аякс Аякс Лига 1 Футбол Гавр Гавр 1:3 Аяқталды Осер Осер Лига 1 Футбол Париж Париж 4:3 Аяқталды Ренн Ренн Лига 1 Футбол Лорьян Лорьян 1:0 Аяқталды Монако Монако Бундеслига Футбол Боруссия Боруссия 1:2 Аяқталды Хоффенхайм Хоффенхайм Премьер-лига Футбол Ноттингем Форест Ноттингем Форест 0:1 Аяқталды Арсенал Арсенал А сериясы Футбол Милан Милан 3:2 Аяқталды Аталанта Аталанта Ла Лига Футбол Малага Малага 2:5 Аяқталды Реал Сосьедад Реал Сосьедад

6 сағат бұрын

28-тур. «Ордабасының» жеңісі, «Астананың» тең ойыны, «Қайсардың»  сәтсіздігі

28-тур. «Ордабасының» жеңісі, «Астананың» тең ойыны, «Қайсардың»  сәтсіздігі

Фото: «Ордабасы» футбол клубы

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының кейінге қалдырылған 23-туры мәресіне жетті. Командалар тартысты ойын өткізіп, турнир кестесінде біршама өзгеріс болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Турнир кестесінде алдыңғы орында келе жатқан командалар негізінен жеңіске жетсе, төменгі орындарда келе жатқан клубтар өзара тартысты қыздыра түсті.

23-тур

17 қазан

«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Кызылжар» (Петропавл) 1:0

Голдар: Владислав Васильев 60

Ескерту алғандар: Еркебұлан Нұрғалиев 77, Шахбоз Умаров 80 – Слободан Урошевич 72, Александр Соколенко 86.

Көкшетаулық клуб биыл кем дегенде төртінші орынға табан тіреуді көздейді. Сондықтан әрбір кездесуде жеңіске жетуге күш салып келеді. Бұл жолы да қажетті үш ұпайды қоржынға салды.

«Жетісу» (Талдықорған) – «Кайсар» (Қызылорда) 2:1

Голдар: Шохан Абзалов 71, Нурберген Нурбол 76 – Виктор Мозес 11

Ескерту алғандар: Луна Флорес 19, Нурберген Нурбол 73, Цотне Мосиашвили 90+5 – Никола Цуцкич 40.

Турнир кестесінде соңғы орындарда тұрған екі команда өзара кездесіп, жеңімпазды анықтады. Алғашқыда қызылордалық команда белсенділік көрсетті. Дегенмен талдықорғандық клуб екінші кезеңде шабуылға көбірек көңіл бөлді. Нәтижесінде екі гол соғып, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды.

«Тобыл» (Қостанай) – «Жеңіс» (Астана) – 4:2

Голдар: Сағадат Тұрсынбай (автогол) 12, Виталий Лисакович 18, Асхат Тағыберген 33, Жаслан Жұмашев (с пенальти) 59 – Патрик Кпозо 6, Андрия Филипович 38

Ескерту алғандар: Наурызбек Жагоров 77 – Сағадат Тұрсынбай 57, Зураб Тевзадзе 69, Самат Жарынбетов 72, Лука Имнадзе 90+2.

Екі команданың да жүлделі орыннан көрінуіне, бірінші лигаға түсіп қалуына қатысты ешқандай мәселе туындап тұрған жоқ еді. Соған қарамастан командалар тартысты ойын өткізіп, көп гол соғумен ерекшеленді. Нәтижесінде қостанайлық команда үш ұпай олжалады.

«Ақтөбе» – «Ордабасы» (Шымкент) – 1:3

Голы: Даниель Соса 21 – Леонардо Натель Виера 47, Сергей Малый 54, Тидиан Кейта 77

Ескерту алғандар: Әділхан Таңжарықов 37, Бағдат Қайыров 45, Артур Шушеначев 45+1, Даниель Соса 87 – Гай Марселин Килама 56, Давид Абагна 90+3.

Көш басында келе жатқан «Ордабасы» ұпайдан шашау шығармауға тырысады. Сол сәттілік жолын шымкенттік команда бұл жолы да жалғастырды. Кездесу барысында ақтөбелік клуб алғашқы болып есеп ашты. Екінші кезеңде «Ордабасы» қатарынан үш гол соғып, кездесу нүктесін қойды.

18 қазан

«Алтай» (Өскемен) – «Атырау» – 1:1

Голдар: Ибрагим Дадаев 33 – Константин Дорофеев 90+2

Ескерту алғандар: Жаннур Көкеев 76, Сэйф Попов 78 – Берік Шайықов 42, Дорде Пантелич 76

Алаңнан қуылу: Сэйф Попов 80.

Екі команда да турнир кестесінде төменгі орындарда тұр. Сондықтан олардың тарапынан ойын барысында жеңіске жету маңызды еді. Кездесуде қарсыластар тең нәтижеге қанағат білдірді. Премьер-лигадағы орнын сақтап қалу мәселесі алдағы турларда шешілетін болды.

«Елімай» (Семей) – «Ұлытау» (Жезқазған) 2:1

Голдар: Роджер Мурильо 32 (с пенальти), Рожерио Шина 49 – Глеб Бухал 90+3

Ескерту алғандар: Страхиня Танасиевич 22

Алаңнан қуылу: Страхиня Танасиевич 83.

Бұл кездесудің екі команда үшін де онша маңызы жоқ еді. Өйткені, екеуі де биыл Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды. Соған қарамастан жанкүйерлер тартысты ойынды тамашалай алды. Командалар толассыз шабуылға көңіл бөліп, ұпай қорын молайтуға күш салды. Нәтижесінде семейлік клуб үш ұпай олжалап, турнир кестесінде алтыншы орынға табан тіреді.

«Қайрат» (Алматы) – «Ертіс» (Павлодар) 5:0

Голдар: Марк Гуаль 15, 34, 74, Эдмилсон 16, Азамат Тұяқбаев​ 83

Ескерту алғандар: Азамат Тұяқбаев 54 – Рамазан Каримов 26, Тимур Мухаметжанов 49, Бақтияр Төлеуов 82.

Алматылық команда бас жүлдеден үмітті әлі үзе қойған жоқ. Есесіне павлодарлық клуб турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып, Премьер-лигадағы орнын түсіп қалу қаупі туындап тұр. Кездесу барысында «Қайрат» белсенді ойын көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан ірі есеппен басым түсті.

Енді алдағы тур ойындары 24 және 25 қазан күндері өткізіледі.



Біздің серіктес: Sport12kz