14 сағат бұрын
Астанада UEFA «B-Goalkeepers» курсының екінші модулі өтіп жатыр
Фото: ҚФФ
Оқу бағдарламасы аясында қатысушылар қақпашының тактикалық міндеттерін, шабуылды ұйымдастырудағы рөлін, қақпадан допты ойынға қосуды және ойын барысын талдау әдістерін меңгеруде, деп хабарлайды Sport12.kz.
Практикалық сабақтарда мамандар алаңдағы түрлі ойын жағдайларын пысықтап, қақпашыларды даярлаудың заманауи әдістерін тәжірибе жүзінде қолдануда.
Бұл бастама ҚФФ бапкерлер білімін жетілдіру және қақпашыларды даярлау сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысының бір бөлігі саналады.
Біздің серіктес: Sport12kz