5 сағат бұрын
«Аталанта» «Қайратпен» матч алдында жеңіліске ұшырады
Амстердамда Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші тур аясында Нидерландтың «Аякс» клубы Италияның «Аталантасын» қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Йохан Кройфф Арена» стадионында өткен кездесу алаң иелерінің 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды. «Аякс» сапындағы алғашқы голды 87-минутта Толуваласе Арокодаре соқты. Ал 90+3-минутта Абделла Уазан есепті еселеді.
Осылайша, екі турдан кейін «Аякс» пен «Аталантаның» еншісінде үш ұпайдан бар.
Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі келесі турда «Аталанта» алматылық «Қайратпен» кездеседі. Матч 5 қарашада Италияның Бергамо қаласында өтеді.
Қазіргі уақытта Рафаэль Оразбахтин жаттықтыратын «Қайраттың» еншісінде бір ұпай бар. Алматы командасы турнирді Латвияның «Рига» клубымен 1:1 есебімен тең түсуден бастады. Ал екінші турда Грекияның «Панатинаикос» командасына 1:5 есебімен жол берді.
Біздің серіктес: Sport12kz