4 сағат бұрын
Сәтбаевтың командасы Чемпионшип матчына 14 футболшысыз шығады
Қазақстан құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтбаев өнер көрсететін Англияның «Бернли» клубы Чемпионшип аясында «Линкольн Ситиге» қарсы сырт алаңдағы матчқа 14 футболшысыз шығады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл туралы британдық журналист Мэтт Скрафтон X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
«Жарақаттар мен тіркеуге қатысты мәселелерге байланысты „Бернли“ сенбі күні „Линкольнге“ қарсы матчта 14 ойыншысына сенім арта алмайды. Егер Джош Каллен ойынға дайын болмаса, бұл көрсеткіш 15-ке жетеді», – деп жазды журналист.
Қатардан тыс қалған футболшылардың тізіміне Бен Эймос, Анел Ахмедходжич, Йордан Байер, Башир Хамфрис, Шуранди Самбо, Ханнибал Межбри, Аарон Рэмзи, Джейдон Банел, Якоб Бруун Ларсен, Майк Трезор, Зеки Амдуни, Эшли Барнс, Майкл Обафеми және Джейми Варди енді.
Шабуыл шебіндегі бірнеше футболшының қатардан тыс қалуы Дастан Сәтбаевтың негізгі құрамда шығу мүмкіндігін арттыруы ықтимал. Қазақстандық шабуылшы жақында санның артқы бұлшықетінен алған жарақатынан кейін алаңға оралды. Ол бұған дейін «Вулверхэмптонға» қарсы кездесуде 30 минут ойнады.
Айта кетейік, «Линкольн Сити» мен «Бернли» арасындағы матч 24 қазанда өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Біздің серіктес: Sport12kz