4 сағат бұрын
«Реал Сосьедад» Еуропа лигасында қарсыласын ойсырата жеңді
Норвегияның «Лиллестрём» клубы Еуропа лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда өз алаңында Испанияның «Реал Сосьедад» командасына 0:6 есебімен ойсырай ұтылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Лиллестрём қаласында өткен кездесуде қонақтар бірінші таймда үш гол соғып, үзіліске ірі басымдықпен кетті. Екінші таймда да испаниялық команда тағы үш рет мергендік танытты.
«Реал Сосьедад» сапында Серхио Гомес 25 және 27-минуттарда дубль жасады. Лука Сучич 33 және 72-минуттарда екі гол соқты. Сонымен қатар Орри Оскарссон 64-минутта, Арсен Захарян 80-минутта көзге түсті.
Осылайша, үш турдан кейін «Реал Сосьедадтың» еншісінде төрт ұпай бар. Ал «Лиллестрём» бір ұпаймен қалды.
Келесі турда испаниялық клуб өз алаңында Францияның «Лион» командасын қабылдайды. Ал норвегиялық ұжым Чехияның «Виктория» (Пльзень) клубымен кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz