3 сағат бұрын
«Бернли» Дастан Сәтбаевпен бірге кезекті матч өткізеді
24 қазан, сенбі күні «Линкольн» клубы Англия чемпионшипінің 12-туры аясында Sincil Bank Stadium стадионында «Бернлимен» кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Линкольн» — «Бернли» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Кездесу алдында «Линкольннің» еншісінде 12 ұпай болса, «Бернли» сегіз ұпай жинаған. Соңғы турда «Линкольн» сырт алаңда «Миллуоллмен» 2:2 есебімен тең түсті. Ал «Бернли» өз алаңында «Вулверхэмптоннан» 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Командалар соңғы рет 2017 жылдың ақпанында Англия кубогының 1/8 финалында кездескен. Сол ойында «Линкольн» 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев «Бернли» сапында өнер көрсетеді. Ол клуб үшін алты матчқа қатысқанымен, әзірге нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.
Біздің серіктес: Sport12kz