13 сағат бұрын
«Бавария» бапкері жаттығу базасында есінен танып, ауруханаға түсті
Мюнхендік «Баварияның» бас бапкері Венсан Компани клубтың жаттығу базасында есінен танып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта бельгиялық маманның жағдайы тұрақты. Бұл туралы Sport12 Sky Sport Germany порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Неміс басылымдарының мәліметінше, Компани бірнеше күн бұрын вирустық инфекциямен ауырған. Денсаулығына байланысты ол команда жаттығуларына қатыспай, Чемпиондар лигасында лондондық «Арсеналға» қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатын да өткізіп алған.
Алайда сәрсенбіде бапкер қызметіне оралып, «Арсеналға» қарсы матчта команданы басқарды. Ойын 2:2 есебімен аяқталды. Матчтан кейін Компани өзін жәйсыз сезінсе де жеткілікті мән бермей, жұмысын жалғастырғанын мойындаған.
«Бавария» клубы бапкердің ауруханаға жеткізілгенін растады. Қазіргі уақытта бапкерді дәрігерлер бақылап жатыр. Компани қашан қызметіне оралатыны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, 25 қазанда «Бавария» Германия чемпионаты аясында сырт алаңда «Фрайбургпен» кездеседі. Бельгиялық маманның бұл матчта команданы басқаратыны әзірге нақтыланбаған.
Біздің серіктес: Sport12kz