4 сағат бұрын
«Барселона» — «Реал»: Моуриньюдің жоспары белгілі болды
«Реал» клубының бас бапкері Жозе Моуринью Испания чемпионатының 10-туры аясында «Барселонаға» қарсы өтетін Эль-Класико матчына негізгі құрамды жасақтауға жақын, деп хабарлайды Sport12.kz.
Мәліметке сәйкес, португалиялық маман негізгі құрамға шығатын 11 футболшының тоғызына қатысты шешім қабылдаған. Әзірге орталық қорғаушылар жұбын таңдау мәселесі ғана белгісіз болып отыр.
Сондай-ақ Федерико Вальверде оң қапталдағы қорғаушы позициясында ойнайтыны белгілі болды. Арда Гюлер оң жақ жартылай қорғаушы ретінде алаңға шығып, орталыққа қарай еркін ауысып ойнайды. Ал тірек жартылай қорғаушылардың міндетін Эдуардо Камавинга мен Орельен Тчуамени атқарады.
«Барселона» мен «Реал» арасындағы кездесу 24 қазаннан 25 қазанға қараған түні «Камп Ноу» стадионында өтеді. Қазіргі уақытта «Барселонаның» еншісінде 27 ұпай болса, «Реал» 21 ұпай жинаған.
Біздің серіктес: Sport12kz