2 сағат бұрын
«Манчестер Сити» АПЛ-дегі жеңісті сериясын жалғастыра ма?
Бүгін, 24 қазанда Бирмингемде Англия Премьер-лигасының сегізінші туры аясында «Астон Вилла» мен «Манчестер Сити» кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 16:30-да басталады.
Жеті турдан кейін Энцо Мареска жаттықтыратын «Манчестер Ситидің» еншісінде 21 ұпай бар. Команда осы маусымда өткізген жеті матчтың барлығында жеңіске жеткен. Ал «Астон Вилла» жеті ойында сегіз ұпай жинады.
Өткен турда «Манчестер Сити» өз алаңында «Ипсвичті» 3:2 есебімен жеңсе, «Астон Вилла» сырт алаңда «Ньюкаслдан» 1:0 есебімен басым түсті.
Екі команда соңғы рет мамыр айында Премьер-лига аясында кездесіп, сол ойында «Астон Вилла» сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіске жеткен. Соңғы төрт кездесудің үшеуінде Бирмингем клубы жеңіске жетсе, бір матчта «Манчестер Сити» басым түскен.
Біздің серіктес: Sport12kz