4 сағат бұрын
Талғат Байсуфинов ҚПЛ клубының тізгінін ұстауы мүмкін
Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Талғат Байсуфинов Қызылорданың «Қайсар» клубын басқаруы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz AmanVIBE-ке сілтеме жасап.
Дереккөздің мәліметінше, маман «Қайсармен» осы маусымның соңына дейін келісімшартқа отырады. Сондай-ақ оның бүгіннен бастап командамен шұғыл түрде жұмысқа кірісетіні күтілуде.
Талғат Маратовичтің алдына екі негізгі міндет қойылған: команданы Қазақстан Премьер-лигасында сақтап қалу және Қазақстан кубогы үшін күресу.
Қазіргі уақытта «Қайсар» ҚПЛ турнирлік кестесінде 24 ұпаймен соңғы орында тұр. Командаға елордада «Астана» мен «Жеңіске» қарсы сырт алаңдағы екі матч өткізу қалды.
Біздің серіктес: Sport12kz