22.11.2026
«Ақтөбе» футбол клубы бас бапкерінің көмекшілері анықталды
«Ақтөбе» футбол клубы бас бапкерінің көмекшілері міндетін кімдердің атқаратыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Айта кетсек, бұдан бұрын ресейлік маман Игорь Черевченко бас бапкер қызметін жалғастыратын болды. Оның көмекшілері де өз жұмысын алдағы маусымда атқаратын болды.
- Юрий Батуренко мен Михаил Соловей «Ақтөбе» футбол клубының бапкерлік құрамында қалады. Юрий Михайлович бас бапкердің көмекшісі болса, Михаил Александрович ойыншылардың физикалық дайындығына жауап береді, - деп жазылған хабарламада.
Игорь Черевченко 1974 жылы Тәжікстанда дүниеге келген. Кәсіби футболдағы алғашқы қадамын Душанбе қаласының «Памир» клубында бастап, кейін Ресейде өнер көрсетті.
Ол Мәскеудің «Локомотив», «Торпедо» және Владикавказдың «Алания» командаларының намысын қорғаған.
Бапкерлік мансабында Черевченко ең үлкен жетістікке Мәскеудің «Локомотив» клубында қол жеткізді. Оның жетекшілігімен команда Ресей Кубогының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ ол «Балтика» (Калининград), «Арсенал» (Тула), «Химки» және «Факел» (Воронеж) клубтарын жаттықтырды.
Біздің серіктес: Sport12kz