28.02.2025
ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Лада» командасымен кездеседі
Фото: «Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 28 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Лада» (Тольятти) командасына қарсы өткізеді.
Ойын елорда уақытымен 20:00-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 22 мәрте кездескен. Оның 7-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Кейінгі бес кездесудің барлығында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Қазір турнир кестесінде «Барыс» 29 ұпаймен 23-орында тұрса, «Северсталь» 46 ұпаймен 20-орында келеді.
Еске салсақ, елордалық клуб бұдан кейін тағы бір кездесуін сырт айдында өткізіп, 2 наурызда «Трактор» (Челябі) командасымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан