28.02.2025
Қазақстандық шаңғышылар әлем чемпионатында сәтсіздікке ұшырады
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК баспасөз қызметі
Норвегияның Тронхейм қаласында өтіп жатқан шаңғы жарысынан әлем чемпионатында әйелдер спринт бәсекесінде жарыс жолына шықты.
Аталған сында ел намысын қорғаған барлық спортшыларымыз іріктеу кезеңінен әрі аса алмады.
Атап айтсақ, Дарья Ряжко — 45-ші, Надежда Степашкина — 48-ші, Ангелина Шурыга — 58-ші, Ксения Шалыгина — 66-шы орынға тұрақтады.
Еске салсақ, байрақты бәсеке 9 наурызға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи