28.02.2025
Анна Данилинаның қарсыластары матчты жалғастырудан бас тартты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Мексиканың Мерида қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Жұптық сында ресейлік Ирина Хромачёвамен бірге бақ сынаған отандасымыз жарыстың ширек финалында украиналық спортшылардан құралған Марина Колб/Надя Колб жұбынан басым түсті.
Кездесу бар болғаны 54 минутқа созылды. Бірінші сетте Данилина бастаған ұжым 6:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші сеттегі есеп 3:2-ге жеткенде украиналық тандем матчты жалғастырудан бас тартты.
Енді Анна мен Ирина жартылай финалда Тимея Бабош (Венгрия)/Никель Меличар (АҚШ) жұбына қарсы матч өткізеді. Аталған кездесу ертең, 1 наурыз сағат 04:30-ға жоспарланған.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 1,064,510 долларды құрайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи