Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

28.02.2025

Кәсіпқой бокс: Әли Ахмедов әлемдік рейтингте жоғарлады

Кәсіпқой бокс: Әли Ахмедов әлемдік рейтингте жоғарлады

Екінші орта салмақта өнер көрсететін боксшымыз Әли Ахмедов Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) топ-15 рейтингіне енді.

Жақында WBO ұйымы барлық дивизион бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. Ахмедов бұл тізімде 14-орынға көтерілді. Аталған салмақтағы ұйым чемпионы – мексикалық Сауль "Канело" Альварес. Ал орта салмақта WBO белбеуінің иегері – қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы. Қазақстаннан өзге боксшылар бұл рейтингте жоқ.

Айта кетейік, бүгін Әли Ахмедов Астана төрінде кезекті жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы – поляк Мацей Сулецкий. Кештің басты жекпе-жегінде WBC Silver белбеуі сарапқа салынады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан