Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

28.02.2025

Ауыр атлетика: Алексей Ни мен бауыры Виктор Ни спорттан шеттетілді

Ауыр атлетика: Алексей Ни мен бауыры Виктор Ни спорттан шеттетілді

Ауыр атлетикадан Қазақстан Ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкер Алексей Ни мен оның бауыры Виктор Ни төрт жылға спорттан шеттетілді. Бұл ақпаратты отандық ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Мадина Астамирова да растады.

Алдымен ағайынды бапкерлердің спорттан шеттетілгенін Допингке қарсы ұлттық агенттік хабарлады. Алексей Ни мен Виктор Ни спортшының немесе басқа тұлғаның допинг бақылау жүйесінің кез-келген бөлігін бұзу, бұзуға әрекет ету әрекеті бойынша айыпталған.

Екі бапкер 2025 жылдың 20 қаңтары мен 2029 жылдың 20 қаңтары аралығында үлкен спорттан аластатылды.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Мадина Астамированың айтуынша, екі бапкерге қатысты 2023 жылы іс қозғала бастаған.

«Халықаралық допингке қарсы агенттік Алексей мен Виктор Ниді өмір бойына спорттан шеттетуді көздеген. Тексере келе, төрт жылға аластатылды. Бұл рас ақпарат. Отандық федерация мұны растайды», — деді Астамирова.

Алексей Нидің жетекшілігімен Олимпиада және әлем чемпионы атанып, әлемдік жарыстарда жүлде алған спортшылар түгелдей атақтарынан айырылды. Олардың барлығы допинг қолданды деген күдікке ілінген.

Медальдарын қайтарып берген спортшылар арасында Илья Ильин, Светлана Подобедова, Жасұлан Қыдырбаев, Майя Манеза, Алмас Өтешов, Зүлфия Чиншанлолар бар.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан