28.02.2025
Су добынан Қазақстан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Фото: instagram/qaz_team_official
Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Қытайдың Чжаоцин қаласында өтіп жатқан сары құрлық додасында отандастарымыз Оңтүстік Корея құрамасын 22:9 есебімен сенімді түрде жеңді.
Енді ел құрамасы жартылай финалдық ойында Жапония мен Гонконг арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи