Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

28.02.2025

Бокстан Қазақстан жастар құрамасы Черногорияға аттанды

Бокстан Қазақстан жастар құрамасы Черногорияға аттанды

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Алматы облысындағы оқу-жаттығу жиынын аяқтаған Қазақстан жастар құрамасы Черногорияның Будва қаласына аттанады. Мақсат Бақтыбазаров шәкірттері 3-9 наурыз аралығында әлем кубогы аталып кеткен «Адрия інжуі» жарысында бақ сынайды. Биыл бұл бәсекеге 20-дан аса ел қатысады деп күтілуде.

Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.

Қазақстан командасының құрамына соңғы ел чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған боксшылар енді: 

48 келі. Нұрхан Құмарбеков, Бексұлтан Хужамжар

51 келі. Айдос Үсен, Досымжан Таңатар

54 келі. Алмас Нұрлан, Алдияр Баһадүр

57 келі. Данияр Ақбисенов, Нұғман Нығмет

60 келі. Әділет Тортубек, Ердәулет Сайт, Ыдырыс Жандарбекұлы

63.5 келі. Мұхит Нұрқабылұлы, Артур Джарбулов, Алихан Әскер

67 келі. Сұлтан Тұрдалы, Асқар Қуаныш

71 келі. Бейбарыс Әшірбай, Бекарыс Нұрмұхан, Ризат Тұрсынбек

75 келі. Жасұлан Бердалы, Игорь Соловьев

80 келі. Руслан Динеуов, Асанәлі Сатпаев

86 келі. Нұрсұлтан Қыстаубай, Бақытжан Айтмұхан, Даниял Райымбеков

92 келі. Расул Асанханов, Аният Тілеужан, Санжар Сейтхамит

+92 келі. Бексұлтан Қайратұлы, Айдамир Сауытбек.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан