Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

01.03.2025

Дзюдо: Гранд Слэмнің алғашқы күнінде жүлде бұйырмады

Дзюдо: Гранд Слэмнің алғашқы күнінде жүлде бұйырмады

Өзбекстан астанасы Ташкентте әлемдік Гран Слэм турнирі басталды.

Жарыстың алғашқы күні қазақстандық 7 дзюдошы татамиге шықты.

60 келіде 2024 жылғы Қазақстан чемпионы Нұрәділ Әлжан Өзбекстан дзюдошысы Камолиддин Бахтиёровқа шидомен есе жіберді. 

66 келіде 2024 жылғы ел чемпионатының жеңімпазы Ержан Еренғайыпов Біріккен Араб Әмірліктерінің намысын қорғайтын ресейлік Казбек Нагучевтен ұстау әдісімен жеңілді.

66 келіде бақ сынаған тағы бір балуан Ердәулет Босша өзбекстандық Абдукарим Нитфуллаевтан өте алмады. 

Құраманың үздік қыздарының бірі Ғалия Тыныбаева алғашқы айналымда тәжік қызы Ахилия Муминовадан иппонмен жеңілсе, 48 келіде күрескен тағы бір қызымыз Диана Бүркееваның жолын ресейлік Сабина Глязова кесті. 

52 келіде күрескен Құндыз Жылқыбайдың Испания балуаны Лапуерто Гомеске шамасы жетпеді. 

57 келідегі қазіргі ел чемпионы Бақыт Құссақбаева да алғашқы айналымнан аспады. Ол ресейлік Ирина Зуевадан вазаримен жеңілді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан