Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

01.03.2025

Cәкен Бибосынов: Әлем чемпионатына қатыспаймын

Cәкен Бибосынов: Әлем чемпионатына қатыспаймын

Бокстан әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов биыл IBA және World Boxing аясында өтетін әлем чемпионаттарына қатыспайтынын айтты. Бұл туралы ол журналист Ақырыс Сейтқазының YouTube арнасына берген сұхбатында жеткізді.

«Биыл өтетін екі әлем чемпионатына да қатыспайтын шығармын. Өйткені, жарақатымнан толық айығып үлгермедім. Қазір жарақатым барын ескерсек, әлем чемпионаттары басталғанша бабыма еніп үлгермеймін. Егер бабыма толық енбей тұрып қатысатын болсам, 2023 жылғы Ташкенттегі қателігімді қайталаймын. Сондықтан, толық күшімді жиғанша әлем чемпионаттарына қатыспаймын деп ойлаймын.
Негізі, әлем чемпионатының бір ұйым аясында өткені дұрыс. ІВА-ға АҚШ, Украина сияқты мықтылар келмейді. World Boxing аясындағы жарысқа Ресей қатыспайды. «Сен қай жылы, қай ұйымда чемпион болдың?» деген сұрақтар да алдағы уақытта қойылатыны анық. Бәсекелестік те төмендейді. Сондықтан, бокста әлем чемпионаты бір рет өтіп, бір ұйымның болғаны дұрыс», — деді Бибосынов.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан