Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

01.03.2025

Жеңіліске толы оқу-жаттығу жиыны: Отандық клубтар чемпионатқа қалай дайындалды?

Жеңіліске толы оқу-жаттығу жиыны: Отандық клубтар чемпионатқа қалай дайындалды?

Көктемнің алғашқы күні футболдан еліміздің чем­пио­на­ты басталады. Осы орайда клубтардың дайындығы жөнінде еске түсіруді жөн көрдік.

Дайындық жұмысын Алма­ты­да бастаған «Қайрат» көп ұза­май Түркияға аттанды.­ Бірақ Қайрат Боранбаевтың қам­қор­лығындағы команда үшін Түркия сапары соншалықты сәтті болмады. Алатау баурайында қырғыздың «Дордайын» жеңген жерлестеріміз Жерорта теңізі жағалауында білгендерінен жаңылды. Анталья мен Белекте олар алты жолдастық кездесу өткізіп, бірде-бір рет жеңістің дәмін тата алмады. Босния мен Герцеговинаның «Бораці» (0:0), Грузияның «Самгуралиімен» (1:1) тең түссе, Грузияның «Ибериясы» (0:1), Ресейдің «КамАЗ» (2:4), «Химки» (0:2), «Пари» (2:4), «Динамо Махачкала» (0:1) клубтарынан ұтылды. Ең өкініштісі, былтырғы ел чемпионы, отан­дық футболдың көшбасшысы санала­­тын «Қайрат» ортаң қол ұжымдар­дан ұтылды. Айталық, «Борац» пен «Иберия» өз елде­ріндегі үз­діктер санатындағы командалар, қалғандары – Ресей супер­лигасының аутсайдерлері. Ал­матылықтар биыл УЕФА Чем­пиондар лигасында бақ сынауға тиіс.

«Астана» оқу-жаттығу жиы­нын­ Біріккен Араб Әмірлікте­рін­де (БАӘ) өткізді. Елордалық клуб­­тың да ресейлік командаларға әлі ­жет­педі. Олар Мәскеудің «Спар­тагі» (1:4) мен «Краснодарға» (0:1) есе жіберді. Осы орайда, қос клуб­тың да өз елдерінде мықтылар санатында екенін ескерген жөн. Есесіне «Астана» БАӘ-нің «Галф Юнайтеді» (4:1) мен «Арабиан Фальконсін» (6:1), Қытай­дың­ «Чжэцзянін» (3:0) жеңіп, Самарқандтың «Динамосымен» (2:2) ұпай бөлісті.

Қаржылық жағдайы жақсы «Орда­басы» маусым аралығын­да БАӘ мен Түркияға сапарлап қайтты. Бірнеше клубпен шеберлік байқасты. Шымкент футболшылары Мәскеудің ЦСКА-сы (0:3) мен Грузия­ның «Гареджиінің» (1:3) осал тұсын таба алмады. Грузияның «Телави» (6:1), «Иберияс» (1:0) ко­­ман­даларын тізе бүктіріп, Өзбек­­станның АГМК-сымен (1:1), Мол­дованың «Милсамиімен» (0:0) тең ойнады.

«Ақтөбе» Украинаның «Ко­лосынан» (2:1), Грозныйдың «Ахма­ты­нан» (1:0) айласын асырып, Өзбек­станның «Бұқарасы» (2:2), «Бунёд­коры» (0:0), Косовоның «Дукад­жиниімен» (1:1) тең түсті. Өзбек­тердің «Пахтакоры» (0:1), София­ның «Локомотивіне» (1:3) жол берді.

Анадолы елінде «Тобылдың» да жұлдызы жана қоймады. Жиын кезінде өткізген жеті кездесудің тек біреуінде ғана қостанайлықтар­дың бағы жанды. Олар Өзбекстан­ның «Согдианасына» (4:2) сан соқтырды. Косовоның «Балкани» (0:1), Латвияның «Рига» (1:2), Мәскеудің «Крылья Советовінің» (0:3) алдында дәрменсіздік танытты. Мажарстанның «Вашаш» ­(2:2), Ресейдің «Черномореці» (1:1), «Шиннигіне» (2:2) қарсы бәсекеде жеңімпаз анықталмады.

Семейдің «Елімайы» жолдас­тық кездесулерін жеңіспен бас­тады. Сербияның «Чукарич­киі» (1:0), Македонияның «Шкен­дия­сына» (3:0) шаң қаптырды. Өзбектің «Пахтакоры», Косовоның «Гиляниіне» қарсы матчтар 1:1 есебімен аяқталды. Одан кейін қатарынан үш ойында ұтылды: «Бұқара» (0:2), «Балтика» (0:1), «Нефтчи» (2:3). Соңғы кездесуінде Грузияның «Самтредиясынан» ­3:2 есебімен басым түсті.

Еліміздің өзге клубтары да оқу-жаттығу жиыны барысында бірнеше жолдастық кездесу өт­­кізді. Қарсыластар қатарында Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан­нан бөлек, Румыния, Албания, Бол­гария, Әзербайжан, Косово, Поль­ша, Словакия, Черногория, Чехия, Молдова тағы басқа мем­лекет­тердің өкілдері болды. Өкі­ніш­ке қарай, еліміздің команда­лары өз ойындарының басым бөлі­гінде жеңіліс тапты немесе тең ойнады. Жеңіс тойын тойлаған кезі­міз сирек.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан