01.03.2025
Уругвай құрамасының футболшысын Мексикада ұрлап кетті
Фото: ESPN
Уругвай құрамасы мен Мексиканың «Леон» клубының жартылай қорғаушысы Николас Фонсека қарақшылардың құрбаны болды.
Испаниялық El País басылымының хабарлауынша, белгісіз біреулер футболшыны жаттығуға бара жатқан жерінен күштеп алып кеткен.
Баукеспелер Фонсеканың көлігін айдап әкетіп, оны екі сағаттан кейін ұрланған жерден 25 шақырым қашықтықта тастап кеткен.
Абырой болғанда, ойыншы дін аман. Фонсека болған оқыс оқиғаға қарамастан, келесі матчқа қатысуға дайын екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, Николас Фонсека Уругвай құрамасы сапында 3 ресми матчқа қатысқан.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи