12.03.2025
Тарихи жетістікке алғашқы қадам: Назым Қызайбай мерзімінен бұрын жеңіске жетті
Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында ең жеңіл 48 келіде 2 дүркін әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай рингке көтерілді.
1/8 финалда жерлесіміз Словакия боксшысы Николь Дуриковамен жұдырықтасып, еш қиындықсыз келесі айналымға өтті. Қолын түсіріп, емін-еркін айқасты. Ал 3-раундта қарсыласын 3 мәрте нокдаунға түсіріп, жекпе-жектің бітуіне 30 секунд қалғанда мерзімінен бұрын жеңісті тойлады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов