Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

28.04.2026

Дәурен Тұрсағұлов «Қайратқа» қатысты алдағы мақсатын жариялады

Дәурен Тұрсағұлов «Қайратқа» қатысты алдағы мақсатын жариялады

Фото: Дәурен Тұрсағұловтың парақшасынан

Алматылық «Қайрат» футзал клубының шабуылшысы Дәурен Тұрсағұлов командадан кететіні жөнінде жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

- Биыл «Қайрат» сапындағы соңғы маусымым. 8 жыл…бұл жай ғана уақыт емес. Бұл менің өмірімнің маңызды бір кезеңі, қалыптасу жолым, үлкен тәжірибем.Осы жылдар ішінде бірге болған барлық сәттер үшін алғысымды білдіремін. Клуб басшылығына, бапкерлер құрамына, әріптестеріме, медициналық штабқа және әрдайым жанымыздан табылған жанкүйерлерге шын жүректен рақмет! Бұл клуб әрдайым жүрегімде ерекше орын алады. Алда - жаңа белес, жаңа мақсаттар. Маусымда лайықты аяқтап, келесі қадамға сеніммен қадам басуға дайынмын, - деп жазды ол.

Дәурен Тұрсағұлов 1996 жылы 16 қаңтарда қазіргі Абай облысы Аягөз ауданында дүниеге келген.

Еске салсақ, бұдан бұрын Алматылық «Қайрат» футзал командасының ойыншысы Біржан Оразов алдағы мансабы жөнінде ойын білдірді,


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан