3 сағат бұрын
«Жетісу» футзал клубы бразилиялық бапкермен қош айтысты
Фото: «Жетісу» футзал клубы
Бразилиялық маман Биро Жаде талдықорғандық «Жетісу» футзал клубының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Тәжірибелі бапкер талдықорғандық клубта үш жыл бойы қызмет атқарған еді. Енді ол қызметінен кетуі жөнінде шешім қабылдады.
Айта кетсек, жаңа маусымда «Жетісу» командасы Бірінші лигада өнер көрсетеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын алматылық «Қайрат» футзал клубы Густаво Парадеданың команданың жаңа бас бапкері болып тағайындалғанын ресми түрде жариялады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан