5 сағат бұрын
Камиль Герейханов «Қайрат» ойыншысы атанды
Фото: «Қайрат» футзал клубы
Ресейлік шабуылшы Камиль Герейханов «Қайрат» клубының намысын қорғайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Камиль Герейханов 2024 жылдан қазақстандық «Семей» командасы сапында 110 матчта 94 гол соғып, 38 нәтижелі пас берді. Қазақстан Кубогының екі дүркін иегері атанды.
Біздің отбасыға қош келдің, Камиль! Жаңа маусымда бірге жаңа белестерді бағындырамыз, - деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, «Семей» футзал клубы Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразовпен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады.
Біздің серіктес: Sport12kz