3 күн бұрын
«Қайрат» футзал клубының басқарушы директоры тағайындалды
Фото: «Қайрат» футбол клубы
«Қайрат» футзал клубының басшылығында кадрлық өзгерістер орын алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Клубтың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген білікті маман Ілияс Аблязов ұйымның басқарушы директоры болып тағайындалды.
Ілияс Аблязов клуб құрылымында 13 жылдан аса уақыт бойы табысты еңбек етіп келеді. Осы кезең ішінде ол әр түрлі бағыттағы жұмыстарды үйлестіріп, өзін жауапты, кәсіби және өз ісіне адал басшы ретінде көрсете білді.
Айта кетсек, Рудныйдың «Аят» футзал клубы жаңа маусым қарсаңында құрамын бірден үш бразилиялық ойыншымен күшейтті.
Біздің серіктес: Sport12kz