20 сағат бұрын

Бруно Томаселли «Қайрат» футзал клубының ойыншысы атанды

Бруно Томаселли «Қайрат» футзал клубының ойыншысы атанды

Фото: «Қайрат» футзал клубы

Бразилиялық қақпашы «Қайрат» сапына қосылды. 24 жастағы голкипер бұған дейін өз отанында «Атлетико Пиауиенсе» сапында өнер көрсетіп, командасымен бірге Метрополитано чемпионаты мен Чемпиондар кубогын жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Өткен маусымда ол «Атлетико Пиауиенсе» сапында барлығы 20 матчқа қатысып, сенімді ойынымен көзге түсті және өз есебіне 1 гол да жазды. Сонымен қатар, мансабында «Жарагуа», «Жоасаба», «Фос Катаратас» және «Сан-Франсиско» сияқты танымал бразилиялық клубтардың намысын қорғаған. Бруно Томаселли 33-ші нөмірмен өнер көрсетеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Павел Карпов «Қайрат» футзал клубының ресми түрде ойыншысы атанды.


Біздің серіктес: Sport12kz