19 сағат бұрын

Жоау Педро «Қайрат» ойыншысы атанды

Жоау Педро «Қайрат» ойыншысы атанды

Фото: «Қайрат» футзал клубы

«Қайрат» футзал клубы өз қатарын тағы бір мықты легионермен толықтырды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бразилиялық талантты ойыншы Жоау Педро ресми түрде біздің команданың сапына қосылды.

Жоау Педро командамызға испаниялық «Альзира» (Alzira FS) клубынан ауысып отыр. Ол өз позициясындағы шеберлігімен және алаңдағы жоғары деңгейлі ойынымен танымал. Жоау Педро енді «Қайрат» жейдесінде 5-ші нөмірмен өнер көрсететін болады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Бруно Томаселли «Қайрат» футзал клубының ойыншысы атанды.


Біздің серіктес: Sport12kz