4 сағат бұрын
«Ақтөбе» «Қайратпен» ойынды Хромтауда өткізетін болды
Фото: «Ақтөбе» футзал клубы
Футзалдан Қазақстан чемпионатында 26-27 қыркүйек күндері «Ақтөбе» «Қайратқа» қарсы өз алаңындағы матчтарын Хромтауда өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде futsalqazaqstan мәлім етті.
Ойын өтетін орынның ауысуына «Қоныс» спорт кешеніндегі жөндеу жұмыстары себеп. «Ақ-қызылдар» өз алаңына шамамен қазан айының ортасында оралуды жоспарлап отыр.
7 қазан күніне «Ақтөбенің» Қазақстан кубогының 1/4 финалындағы алғашқы матчы да жоспарланған. Егер сол уақытқа дейін «Қоныс» дайын болмаса, кездесу Ақтөбедегі «Әлихан» спорт кешенінде өтуі мүмкін.
Айта кетсек, алматылық «Қайрат» футзал клубы Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ақжол Дәрібаймен «2+1» жүйесі бойынша келісімшарт жасасты.
Біздің серіктес: Sport12kz