6 сағат бұрын
Футзалдан ӘЧ: Қазақстан - Беларусь кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды
Фото: ҚФФ
Футзалдан 2028 жылғы әлем чемпионаты негізгі іріктеу кезеңіндегі Қазақстан - Беларусь кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бірінші кезеңде беларусьтік ойыншылар алғашқы болып есеп ашты. Одан кейін қазақстандық Альберт Ақбалықов пенальтиден таразы басын теңестірсе, Эдсон екі мәрте көзге түсті.
Бірінші кезеңінен кейін отандастарымыз 3:1 есебімен жеңіп жатыр.
Айта кетейік, іріктеудің негізгі кезеңінде 36 ұлттық құрама бақ сынайды. Олар үш құрамадан 12 топқа бөлінді. Матчтар үйде және сырт алаңда өтеді.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 6-топқа түсіп, Беларусь және Албания құрамаларымен кездеседі.
Негізгі раунд матчтары 2026 жылғы 12-21 қазан, 2-11 қараша, 6-9 желтоқсан аралығында және 2027 жылғы 22 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтеді.
Негізгі кезеңнің қорытындысы бойынша барлық 12 топтың жеңімпазы мен екінші орын алған үздік төрт құрама элиталық раундқа тікелей жолдама алады. Ал екінші орын иеленген қалған сегіз команда плей-офф кезеңінде әлем чемпионатының келесі сатысына шығу үшін күресін жалғастырады.
Біздің серіктес: Sport12kz