5 сағат бұрын
«Барыс» Райли Уолшқа қатысты нақты шешім қабылдады
Фото: «Барыс» хоккей клубы
«Барыс» америкалық қорғаушы Райли Уолшпен келісімшартты ұзартқанын хабарлады. Біржақты келісім 2027 жыл 31 мамырға дейін, бір маусымға есептелген, деп хабарлайды Sport12.kz.
Өзі үшін жаңа лигадағы алғашқы маусымында Уолш «Барыстың» ең нәтижелі екі ойыншысының қатарына енді. Ол 16 гол және 30 нәтижелі паспен тұрақты чемпионаттағы қорғаушы-сұрмергендер арасында үздік бестікке кірді. Сонымен қатар, командада орташа ойын уақыты бойынша (22 минут 25 секунд) және қарсылас қақпасына жасаған соққылар саны бойынша (207) көш бастады.
Леонид Метальников, «Барыстың» бас менеджері
- Райли - шабуылдау қабілеті өте жоғары ойыншы, мұны ол өз статистикасымен анық дәлелдеді. Біз оның шабуылдағы үлесін жоғары бағалаймыз, бірақ үлкен командалық мақсаттарға жету үшін оның әлі де дамып, команданы одан әрі күшейте алатын тұстары бар екенін жақсы түсінеміз.
Еске салсақ, Астана клубы Нуриевпен келіссөз жүргізіп жатқаны белгілі болды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан