2 сағат бұрын
«Барыс» Қазақстан құрамасы шабуылшысын қатарға қосты
Фото: «Барыс» хоккей клубы
«Барыс» Қазақстан құрамасының шабуылшысы Батырлан Мұратовпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Екіжақты келісім бір маусымға есептеліп, 2027 жылдың 31 мамырына дейін жарамды болады.
Өткен ҚХЛ тұрақты чемпионатында қанаттағы шабуылшы 8 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті. Сонымен қатар Мұратов «Номадқа» Pro Ligasy чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алуға көмектесті. Ал жақында өткен бірінші дивизиондағы әлем чемпионатында Батырлан Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы атанды.
– Батырлан – клубтың түлегі әрі Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі. Ол біздің талаптарымызды жақсы түсінеді. Осы маусымда оның жаңа деңгейге көтеріліп, командаға үлкен пайда әкелетініне сенім артамыз, - деді «Барыстың» бас менеджері Леонид Метальников.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Барысқа» қайта оралды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан